Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

31 қазан 2024

290

Жаңалықтар

НАИБ МҮФТИ «ХАЛАЛ ДАМУ» МАМАНДАРЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлының төрағалығымен «Халал Даму» мамандары мен өңірлік өкілдерінің кезекті жиыны өткізілді. Басқосуға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, ұжым мамандары мен халалдың облыстық өкілдері қатысты.

Басқосуда «Халал Дамудың» 2024 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік өкілдердің айлық есептері мен жасаған жұмыстарына шолу жасалынды. Және де алдағы айларда атқарылатын шаралар жоспары таныстырылды. Мамандардың білімін жетілдіру, ақпараттық үгіт-насихат шараларын арттыру, «QMDB Halal» кәсіпорындар көлемін ұлғайту, қасапхана мен қасапшылар жұмысын біріздендіру, патенттелген логотипті заңсыз пайдаланушыларға қатысты құқық қорғау жұмыстарын қаталдандыру мәселелері талқыланды.

«Халық игілігі үшін, асыл дініміздің жолында атқарып жатқан еңбектеріңізге Алла разы болсын! Отандық халал индустриясының дамуы сіз бен біз секілді дін жанашырларының ерең еңбегін талап етеді. Сондықтан, бүгінгі жиынның басты мақсаты – сертификаттау жүйесін жетілдіру, кәсіпкерлер мен өндірушілерге бағыт-бағдар көрсету, сондай-ақ халал сертификатын алу процессін жеңілдету», – деген Кенжетай Байкемелұлы күн тәртібіндегі мәселелерді көтерді.

Өз кезегінде, Айбек Асқарбекұлы: «Біз үшін сан емес, сапа маңызды. Алайда, күнделікті қолданыстағы, халыққа қажетті халал өнімдер санын арттыруымыз қажет. Сол себепті өңіріңіздегі кәсіпорындар санын көбейтіп, ақпараттандыру шараларын нығайтатын боламыз», – деді. Сонымен қатар, ұйымының атқарған жұмыстары мен жаңа жобалар жөнінде баяндап, өкілдерге жыл соңына дейін жұмыс қарқынын арттуды тапсырды.




Бөлісу: