Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 қыркүйек 2020

198

Жаңалықтар

"Нәтиже" сүт өнімдері тексерілді

***«Халал Даму» мамандарының Қарағандыдағы іс-сапары барысында отандық ірі сүт фабрикаларының бірі - “Natige milk” кәсіпорнында аудит жұмысы жүргізілді.** Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Аташев, технолог мамандар - Еркетаң Айдынқызы, Арайгүл Бақытқызы және Бұлбұл Хайрулла орындады. Тексеріс барысында “Natige milk” сауда белгісімен шығарылатын сүт өнімдерінің (айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік, балмұздақ, иогурт т.б) халал стандарт талаптарын сақтай отырып өндірілу технологиясы қадағаланды. Аудит қорытындысы бойынша - «Natige milk» сүт фабрикасында халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Өндіріс аумағаның санитарлық тазалығы да мамандар тарапынан жоғары бағаланды.* ![WhatsApp Image 2020-10-02 at 13.20.35.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/768/3a8/5f77683a8e57c283710657.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-02 at 13.20.34.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/768/477/5f7768477b6d3045001824.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-02 at 13.20.36.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/768/5a3/5f77685a36d2e354325167.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-02 at 13.20.36 (2).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/768/6a3/5f77686a34db3815427821.jpeg)

Бөлісу: