Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 желтоқсан 2020

72

Жаңалықтар

"Назармухамедов" шұжығы сертификатталды

**Жамбыл облысында «Назармухамедов» шұжық цехының - «Сабр», «Мяском», «Адамяс», «Цезарь» сауда белгілерімен шығарылатын шұжықтары «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.** ⠀ «Назармухамедов» шұжық цехы «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптары» бойынша сертификатталды. ⠀ Технолог мен инспектор-контролер мамандардың тыңғылықты жұмысы және лабораториялық тексеріс қорытындысынан кейін «Халал Дамудың» Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі Миразизов Нурмаджан «Назармухамедов» шұжық цехына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. ⠀ Жергілікті маманымыз «Назармухамедов» шұжық цехының «Халал Даму» мамандарының бақылауында болатындығын, алдағы уақытта міндетті аудит шаралары орындалатынын ескертіп, отандық халал индустриясын дамытуға қосқан үлесіне алғысын білдірді. ![thumb_1284_512_0_0_0_auto.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fd/369/71b/5fd36971b2b32416994487.jpg)

Бөлісу: