
"Назик и К" полуфабрикаттары сертификатталды
***«Назик и К» сауда белгісімен шығарылатын шұжық және полуфабрикат өнімдері «ҚМДБ халал» сертифткатынаие болды.** «Халал Даму» мамандары өндіріс аймағында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, өнімдердің стандарт талабына сай дайындалуын қадағалады. Цех қызметкерлеріне шариғат және халал стандарт талабы бойынша өнім өндірудің ерекшеліктері мен маңыздылығы жөнінде оқу-семинар өткізілді. «Назик и К» кәсіпорнының 8️ түрлі шұжық өнімі және 8 түрлі полуфабрикаттары «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды. «Назик и К» өнімдеріне берілген «ҚМДБ халал» сертификатының жарамдылық мерзімі: 08.09.2020-07.09.2021*  