Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 сәуір 2021

54

Жаңалықтар

НҰР-СҰЛТАН: 6'INCH ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Нұр-Сұлтан қаласындағы "6inch" фаст-фуд дәмханасының тағы бір нүктесі "QMDB halal" стандарты бойынша сертификатталды. "Сикс Инч" кәсіпорнының фаст-фуд өнімдері "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандарты бойынша сертификатталып, халал талаптарға толықтай сай деп танылды. Технологтар тарапынан барлық шикізат өнімдері, тағамдық қоспалары, өндіріс орны толықтай тексерілді. "6inch" фаст-фуд өнімдерін Қорғалжын тасжолы, 8 мекен-жайынан таба аласыздар! Берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 29.03.2021-28.03.2022 жылдар аралығында. ![WhatsApp Image 2021-03-30 at 16.11.11.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/ab8/504/606ab850446d7165529130.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-30 at 16.11.16.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/ab8/548/606ab8548890e602331516.jpeg) ![thumb_2053_512_0_0_0_auto.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/ab8/22b/606ab822b1d5f259767172.jpg)

Бөлісу: