НҰР-СҰЛТАН: "BOSNA STEAK HOUSE" ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Нұр-Сұлтандағы "BOSNA STEAK HOUSE" дәмханасы "QMDB HALAL" сертификатына ие болды. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. Елорда төрінде орналасқан дәмхана "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды.
"Халал тағам – Алланың жеуге рұқсат еткен тағамы. Доңыз етін, өлексені, арам өлген малдың етін, сойғанда аққан қанды, т.б шариғатымыз бойынша жеуге рұқсат етілмейді. Дін және халал стандарты талаптарын ескере отырып, қоғамдық тамақтану орындарындағы негізгі шикізат көздерінің бірі – ет мәселесіне баса назар аударамыз. Бүгінгі сертификаттаудан өткен, "BOSNA STEAK HOUSE" дәмханасында өндіріс барысында қолданылатын ет және ет өнімдерінен бастап, тағамдық қоспалары, сусындарына дейін қатаң қадағалаудан өткізілді. Басшылықтың және технолог мамандардың тікелей қатысуымен ревизорлық бақылау шаралары орындалды. Тексеріс қорытындысы оң. Нәтижесінде, бүгін "BOSNA STEAK HOUSE" дәмханасы адалдықтың таңбасы – "QMDB HALAL"сертификаты табыс етілді", – деген Айбек Асқарбекұлы дәмхана өнімі сапалы әлі адал екенін, ал қызметі, өндірісі өте жоғары деңгей сай екендігін жеткізді.