НҰР-СҰЛТАН: "DIVAN" РЕСТОРАНЫ СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ
Нұр-Сұлтан қаласындағы түрік асханасы тағамдарын ұсынатын "Divan" ресторандар желісі "QMDB HALAL" сертификатын жаңартты. "Халал Даму" мамандарының кезекті ревизорлық бақылауы мен зертханалық сынақтың оң нәтижесінен кейін "QMDB HALAL" сертификаты табысталды. Ресторан "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды.
«Divan» ресторанын сертификаттаудан өткізген технолог Сатаева Айзат: "Адам Аллаһ бұйыртқан рызық-несібені сенімді түрде ішіп-жеуіне болады. Алайда, бұл қолына түскеннің барлығын пайдалануына болады деген сөз емес. Оны қандай жолмен тапқанына, ішіп-жейтін нәрселерінің діни тұрғыдан халал, таза болуына және тапқан табысында кісі ақысы болмауына баса мән беруі керек. Сол себепті, қоғамдық тамақтану орындарының халал болуы аса маңызды. "Divan" рестораны сертификат жаңартар алдын толықтай тексеріліп, бақылау-қадағалау шаралары орындалды", – деп баяндады.
«Divan» ресторанына берілген "QMDB HALAL" сертификаты 15.06.2021-14.06.2022 мерзімі аралығында жарамды екенін хабарлаймыз!