Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 шілде 2021

48

Жаңалықтар

НҰР-СҰЛТАН: "HALEL ET DUKENI" СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарасыңда елордадағы халал кәсіпорындар тізімі тағы бір мекемемен толықты. Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 17 және Қасым Қайсенов көшесі, 2 мекен-жайлары бойынша орналасқан "Halel et dukeni"-нің 2 сауда нүктесі "QMDB HALAL" сертификаты мен қасапшы куәлігіне ие болды.  Мұсылмандардың қара шаңырағына келген кәсіпорын өкіліне "Халал Дамудың" технологы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев адалдықты растаушы діни басқарманың арнайы сертификатын табыстады.

"Ет дүкенінің өндіріс аумағында толықтай бақылау-қадағалау шаралары орындалып, санитарлық тазалығы да қадағаланды. Ет дүкені қызметкерлеріне шариғат әдептеріне сай мал бауыздап, ет өңдеудің маңыздылығы, стандарт талаптары мен басты қағидалары, ерекшеліктері түсіндірілді. Нәтижесінде, "Halel et dukeni" "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды", – деп хабарлады Данияр Сафиев.

"Халал Даму" мамандарының сараптауынан өткен, шариғат және халал стандарты талаптарына сай ет өнімдерін алғыңыз келсе "Halel et dukeni"-не келіңіз!

Бөлісу: