Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 мамыр 2021

42

Жаңалықтар

НҰР-СҰЛТАН: "HALVA" ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Халық сұранысына ие, талғампаз тұтынушылардың таңдауына түскен тағы бір қоғамдық тамақтану орны – "HALVA" кафесі. "AS" кәсіпорнына тиесілі "HALVA" дәмханасы "Тамақтандыру қызметтері" және "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша "QMDB HALAL" сертификатына ие болды.

"AS" кәсіпорнында бақылау-қадағалау шараларын жүргізген "Халал Дамудың" бас технологы Айжан Омарованың айтуынша: "Дәмхананың тамақ өнімдерін дайындау және қайта өңдеу кезінде қолданылатын азық-түлік шикізаты, тағамдық және биологиялық белсенді қоспалар және т.б толықтай тексерістен өткізілді.  Өйткені азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тұтынушылар денсаулығы және гендік қорды сақтаудың негізгі факторларының бірі. "HALVA" дәмханасы "Халал Даму" талаптарына толықтай сай, өнімдері адал әрі таза".

Нұр-Сұлтан қаласының қонақтары мен тұрғындарын қол жетімді бағада адал әрі дәмді ас мәзірін ұсынатын "HALVA" дәмханасынан дәм татуға шақырамыз! Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, күйші Дина көшесі,13.

"AS" жеке кәсіпкерлігіне тиесілі "HALVA" дәмханасына берілген халал сертификат 21.05.2021-22.05.2022 мерзімі аралығында жарамды.

Бөлісу: