Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

08 мамыр 2021

590

Жаңалықтар

НҰР-СҰЛТАН: "LAVASH FOOD" ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарының қоржыны тағы бір "QMDB halal" дәмханамен толықты. Осы жолы "LAVASH FOOD" дәмханасы "Тамақтандыру қызметтері" және "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша сертификатталды. 

Діни басқармаға арнайы келген "LAVASH FOOD" кәсіпорны басшығына адалдықтың сертификатын табыстаған "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы: "Талғампаз тұтынушылардың талабына сай өнім түрлері мен  қоғамдық тамақтану орындар санының көбеюі халалға деген сұраныстың артқандығы деп білеміз. Санның көбеюі сылтау емес, біз үшін сапа, өнімнің адалдығы, тазалығы маңызды. Сіздерге берілген халал сертификат – сіз бен біздің абыройымыз мен жауапкершілігіміз,адалдықтың таңбасына деген сенімнің көрінісі. Біздің жұмысымыз сертификат табыстаумен аяқталмайды, алдағы уақытта міндетті бақылау, тексеру шаралары өткізіліп тұратын болады" – деді.

"LAVASH FOOD"дәмханасында бақылау-қадағалау шараларын жүргізген технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев: "Сертификаттар алдын дәмханада толыққанды аудит шаралары өткізілді. Ас-ауқат даярлауда қосылатын ет өнімінен бастап, сусындарға дейін тексеріліп, қажетті деген өнімдер лабораториялық сынақтан өткізілді. Дәмхана қызметкерлері мен аспаздарына, басшылығына халалдың маңызы мен ерекшелігі, халал өнімдер технологиясы, тағамдық қоспалар жөнінде оқу-семинар, түсіндіру жұмыстары жүргізілді", – деп атқарылған жұмыс барысын баяндады.

"LAVASH FOOD" дәмханасы "Халал Дамудан" сертификаттаудан өткендігін, дәмхананың "QMDB halal" стандартына толықтай сай екендігін хабарлаймыз! Дәмханаға берілген сертификат  6.05.2021-7.05.2022 мерзімі аралығында жарамды.

Бөлісу: