Нұр-Сұлтан қ.: "Баракат" кафесі сертификатталды
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Баракат» дәмханасы «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды. «Баракат» дәмханасына «ҚМДБ халал» сертификатын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. «Аскаров А.А» кәсіпорнына тиесілі «Баракат» дәмханасы «Тамақтану қызметтері» және «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды. ️Дәмхана аумағында міндетті аудит жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлерге оқу-семинар шаралары өткізілді.«Баракат» дәмханасына берілген «ҚМДБ халал» сертификаты 23.09.2020- 22.09.2021 мерзімі аралығында жарамды. Нұр-Сұлтан қаласы, Аймауытов көшесі 7 мекен-жайынан «Баракат» фаст-фуд дәмханасын таба аласыздар