Нұр-сұлтан қ.: «CTR Chicken» фаст-фуд өнімдері сертификатталды
«CTR Chiken» фаст-фуд өнімдерінің Нұр-Сұлтан қаласындағы бес сауда нүктесі «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Дамудың» бас сарапшы-технологы Айжан Омарова табыстады. «CTR Chiken» фаст-фуд өнімдері «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай сертификатталды.
«1996-2011 жылдар аралығында Еуропаның қақ ортасында 17 фаст-фуд дүкенін ашқан «CTR Chiken» кәсіпорнының құрылтайшылары 2018 жылы Қазақстанмен франчайзинг туралы келісімшартқа қол қойып, өз жұмысын бастайды. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлеріндегі «CTR Chiken» фаст-фуд дәмханалары «QMDB Halal» стандартына сай сертификаталуда. Алматы қаласындағы «CTR Chiken» фаст-фуд өнімдерін сертификаттау барысында өндіріс орнында тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, қолданыстағы шикізаттары мен тағамдық қоспалары технолог мамандар тарапынан тексерілді. Толыққанды аудит жұмыстарынан кейін кәсіпорын халал талаптарына толықтай сай деп танылды. Халыққа халал ас ұсынып, ел және ұлт болашағы үшін алаңдатушылық танытқан сіздерге Алла разы болғай! Адал кәсіптеріңіз жандана берсін!» – деген Айжан Қалмаханқызы «CTR Chiken» кәсіпорнына ризашылығын білдірді.