Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 маусым 2021

52

Жаңалықтар

НҰР-СҰЛТАН Қ.: "KAZ BEEF PROCESSING" ҚАСАПХАНАСЫ СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ

Нұр-Сұлтан қаласындағы "KazBeef Processing" қасапханасы сертификат жаңартты. Мұсылмандардың қара шаңырағына келген "Kaz Beef Processing" қасапханасына "QMDB HALAL" сертификаты табыс етілді. Сертификатты "Халал Даму" технологы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев табыстады.

Қасапхананы сертификаттаудан өткізген маман Данияр Сафиев: "Тағам өндірісінің дамуы, урбанизация әсері және халықтың әл ауқатының жақсаруы – нарықтағы ет үлесін арттыра түсті. Өндірісте ғылым мен технологияның үдемелі өзгерісі – түрлі ет өңдеу және өндіру  кәсіпорындарын ашуға мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде тұтынушылардың сұраныстарын толық және жан-жақты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін түрлі қасапханалар мен ет өңдеу орындарының қызметі іске қосылды. Бүгінгі, сертификат жаңартқан "Kaz Beef Processing" қасапханасы – Нұр-Сұлтан қаласындағы ірі ет өңдеу және мал сою орындарының бірі. Қасапхана сертификатын жаңарту барысында толықтай бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, тексерілді. Нәтижесінде, кәсіпорын "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды", – деп мәлімдеді.



Бөлісу: