Нұр-Сұлтан қ.: «La Pesto» дәмханасы сертификатталды
Нұр-Сұлтан қаласындағы тамақтану орындарының бірі «La Pesto» дәмханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. «Халал Дамудың» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жауапты өкілі Дулат Қадырұлы дәмхана өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады. «La Pesto» дәмханасы «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандартына сай деп танылды.
«Ағыл-тегіл нығметтерді берген Раббымыз адалын пайдаланып, ал арамынан аулақ болуды қатаң ескерткен. Келер ұрпақтың ары таза, рухани дүниесі бай болсын десек, бала-шағамызды, отбасымызды халал, таза аспен қамтамасыз етуіміз қажет. Сол себепті, еліміздің әр өңірінде халал кәсіпорындар санын арттыруға тырысудамыз», – деген Дулат Қадырұлы «La Pesto» дәмханасына береке тілеп, алдағы уақытта міндетті аудит шаралары жүргізілетінін ескертті.
«Халал Даму» мамандарының қатысуымен дәмхана аумағында ревизорлық бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, шикізаттары мен тағамдық қоспалары толықтай тексерілді. «La Pesto» дәмханасына берілген «QMDB HALAL» сертификаты 02.06.2022 - 01.06.2023 жарамды.