Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 сәуір 2021

83

Жаңалықтар

НҰР-СҰЛТАН Қ.: "SYBAGA" ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Ет – ықылым заманнан қазақтың қадірлі тағамы. Үйге келген сыйлы қонаққа мал сойып, бас тарту дәстүрі соның айқын дәлелі. Бірақ, бүгінде үйір-үйір жылқы айдап, табын сиырын өріске жіберетін қазақ кемде – кем. Есесіне ата кәсіпті заманға сай етіп, арнайы ет дүкенін ашып, тұтынушыларға адал ет және ет өнімін ұсынатын сауда орындары баршылық. Солардың бірі  "Мусатаева Ж.Р" жеке кәсіпкерлігіне қарасты "Sybaga" ет дүкені "QMDB halal" сертификатына ие болды. Аталған ет дүкені "Мал бауыздау және ет өңдеу ", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды.

Жергілікті инспектор-контролерлар мен технолог, ветеринарлық санитария мамандар тексерісінің оң нәтижиесінен кейін, "Sybaga" ет дүкеніне  "QMDB halal" сертификаттау жөнінде шешіп қабылданып, сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

"Sybaga" ет дүкеніне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 22.04.2021-21.04.2022 

"QMDB halal" ет және ет өнімін алам деушілерді  "Sybaga" ет дүкені Нұр-Сұлтан қаласы, Ұла Дала көшесі, 27/3 мекен-жайында күтеді. Сонымен қатар, қала ішінде жеткізу қызметі де бар.

Бөлісу: