НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ХАЛАЛ ДОНЕР
**Елордамыздағы «Doner house» донер дәмханасы «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.** Фаст-фуд тағамдарын дайындауда қолданылатын шикізат көздері мен тағамдық қоспалаыр технолог мамандар тарапынан толықтай тексеріліп, қажетті өнімдерге зертханалық сараптама жасалынды. "ҚМДБ халал" стандартына сай келмейтін өнімдер қолданыстан алынды. Кәсіби мамандар жүргізген аудит жұмыстарынан кейін «Кушнин» кәсіпкерлігіне тиесілі «Doner house» дәмханасы «Тамақтану қызметтері», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптары» бойынша сертификатталып, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. «Doner house» дәмханасының донер, тауық қанаттары (крылышки), пицца, суши, салат, десерт секілді түрлі өнімдеріне тапсырыс бере аласыздар. Жедел жеткізу қызметі мен мобильді қосымшасы да бар. "Doner house" – отбасылық демалу әрі тынығу дәмханасында балаларға арналған ойын алаңы да қарастырылған. Халал әрі дәмді фаст-фуд өнімдерін ұсынатын "Doner house" дәмханасынан дәм татуды қаласаңыз Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі 5, ВП-14 мекен-жайына шақырамыз!