НҰР-СҰЛТАН: "SALEMET" ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Нұр-Сұлтан қаласы тағы да бір "QMDB halal" стандартына сай ет дүкенімен толықты. "Salemet" атауымен тіркелген ет дүкені "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды. Мамандар тарапынан тиісті бақылау-қадағалау шаралары, тексеріс жұмыстары жүргізілді. Орындалған шаралардың оң нәтижиесінен кейін сертификаттау жөнінде шешім қабылданып, сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
Қасиетті Рамазан айында отбасыңыз бен қонақтарыңызға құнарлы және халал ет, ет өнімдерін ұсынуды қаласаңыз:
Ет дүкені✓1 ЖК Queens Е 809/1
Ет дүкені✓2 Иманова 41 жк Жар Жар
Ет дүкені✓3Темирказык 60 мекен-жайларына келіңіз!
"Salemet" ет дүкеніне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 22.04.2021-21.04.2022 жылдар аралығында. Аталған ет дүкенінде сатылатын ет және ет өнімдерінің "Халал Даму" тарапынан бекітілген стандарт талаптарына сай екендігін хабарлаймыз!