Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 маусым 2021

51

Жаңалықтар

НҰР-СҰЛТАН: "SOSEDI" ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарының қоржыны тағы бір халал дәмханамен толықты. "GaBBI Partners" кәсіпорнының "Соседи" дәмханасы "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

"Дініміз әмір еткен әрбір амал-әрекеттің белгілі мақсат-мүддесі бар. Халал сертификаттаудың да басты мақсаты – тұтынушыларға адал ас ұсынып, Алланың әміріне бойұсыну. Халал кәсіпорындар мен адал өнімдердің көбеюі күллі мұсылман жұртшылығын қуантады. Осындай ізгі амалды орындап, отандық халал индустриясын дамытып, халал дәмханалар санын арттыруға  қосқан үлестеріңізге Алла сауаптан жазып, кәсіптеріңзге береке бергей! Біздің қызметіміз сертификат табыстаумен аяқталмайды, "QMDB HALAL" сертификатының жарамдылық мерзімі аралығында "Халал Даму" мамандары тарапынан міндетті түрде бақылау-қадағалау шарлары орындалатын болады", – деді Айбек Асқарбекұлы.

"GaBBI Partners" кәсіпорнының "Соседи" дәмханасына берілген "QMDB HALAL"сертификаты 21.06.2021-20.06.2022 мерзімі аралығында жарамды екенін хабарлаймыз! Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Рахымжан Қошқарбаев көшесі, 10/1 және Жирентаев көшесі, 14.

Бөлісу: