Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 ақпан 2021

143

Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан: «SUWON CHICKEN» қуырылған тауық еті сертификатталды

**Барлығына ұнайтын өнім, жастардың ғана емес, талғамы жоғары тұтынушылардың сүйікті тағамы – қуырылған тауық еті.** «ҚМДБ халал» стандартына сай, халал тауық етінен дайындалатын бұл өнім – SUWON CHICKEN. Дәмін бір рет татқан адам, екінші рет еріксіз іздейтін «SUWON CHICKEN» тауық өнімдері – өзіндік дайындау стильі, тіл үйірер дәмімен ерекшеленеді. Ең төменгі баға, сапалы өнім, халал өндіріс осы үш талаптың барлығын бір ғана «SUWON CHICKEN» қуырылған, қытырлақ тауық еті өнімдерінен таба аласыз. Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Мамиров Ж.К» кәсіпорнына тиесілі «SUWON CHICKEN» фаст-фуд өнімдері «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратына арнайы келген «Мамиров Ж.К» кәсіпорны басшылығына «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта өткізілетін кезекті және кезектен тыс бақылау-қадағалау шаралары жөнінде ескертті. «Бізге тұтынушылардан қуырылған халал тауық еті өнімдерін сертификттау жөнінде өтініштер жиі келеді. Халық қажеттілігін қамтамассыз ету – біздің міндетіміз. Ал, елге адал қызмет ету – сіз бен бізге жүктелген аманат. «ҚМДБ халал» өнімдер тізімі тағы да бір өніммен толыққанына қуаныштымыз. Алла кәсіптеріңізге береке берсін!», – деген Айбек Асқарбекұлы «SUWON CHICKEN» кәсіпорнына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. Өз кезегінде, «SUWON CHICKEN» кәсіпорны «Халал Даму» мамандарына алғысын білдіріп, «ҚМДБ халал» таңбасымен адал қызмет ететіндерін жеткізді. «SUWON CHICKEN» қуырылған тауық өнімдерін Нұр-Сұлтан қаласы, 187 көше, 16 үй мекен-жайынан таба аласыздар! ![WhatsApp Image 2021-02-23 at 16.59.21 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/603/52b/dbb/60352bdbb930e913238524.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-02-23 at 16.59.42.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/603/52c/0de/60352c0de7371686667095.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-02-23 at 16.59.22.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/603/52c/1d6/60352c1d65a48340962125.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-02-23 at 16.59.22 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/603/52c/2ac/60352c2ac5684606319363.jpeg)

Бөлісу: