НҰР-СҰЛТАН: "ТӨРТ ТҮЛІК" ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ
Нұр-Сұлтан қаласындағы ет сататын орындардың бірі – "Төрт түлік" ет дүкені "QMDB HALAL" сертификатына ие болды. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. Аталған ет дүкені "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындуаға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды.
"Ет өнімінің сапасы түрлі факторларға байланысты: малдың жем-шөбінің құнарлылығы, төрт-түліктің шариғатқа сай бауыздалуы, өңдеу процессі мен сақтауы, санитарлық талаптарға сай тасымалдануы. Осы жағдайларды түгелдей қадағалаған жағдайда ғана таза, шариғатқа сай адал, сапалы ет өнімін ала аламыз. "QMDB HALAL" сертификаты – ет дүкені мен ет өнімдерінің жоғарыда аталған барлық талаптарға толықтай сай екенін анықтайтын таңба. "Халал Даму" бекіткен стандарт талаптарына сай қызмет атқарып жатқанымызға бірнеше жылдың көлемі болды. Осы мерзім аралығында өнімдерімізге сұраныс артып, тұтынушылар дайын өнім сапасы мен адалдығын жоғары бағаланды", – деген "Төрт түлік" ет дүкендер желісінің иесі "Халал Даму" ұжымына алғысын білдіріп, "QMDB HALAL" таңбасының өте маңызды екенін жеткізді.