Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 сәуір 2021

41

Жаңалықтар

НҰР-СҰЛТАН: "UNAIDY" ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

**Елорда тұрғындарына кеңінен танылған "Unaidy" дәмханасы "QMDB halal" стандарты бойынша сертификатталды.** "QMDB halal" сертификатының маңыздылығын түсініп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына арнайы келген Ләйла Сұлтанқызына "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы ұжым жұмысы мен сертификаттау барысын, стандарттау кезеңдерін, халал таңбасының өзге адалдықты анықтайтын белгілерден ерекшелігін түсіндірді. "Халал – адалдық пен тазалықтың таңбасы. Халал сертификаттау және стандарттаумен тек діни басқарма айналысуы тиіс. "Халал Даму" ұйымы еліміздегі күллі мұсылмандардың адал ас тұтынуына жауапкершілік жүгін арқалаған ұйым. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында, барша ауыз бекіткен мұсылмандарға адал ас ұсыну ниетімен "QMDB halal" стандарты бойынша сертификаттаудан өткендеріңізге Алла разы болсын! Алла кәсіптеріңізге береке берсін! Рамазан айының жақсылығы мен сауабы сіз бен бізге болғай!" – деген Айбек Асқарбекұлы "Unaidy" дәмханасында алдағы уақытта мамандар тарапынан міндетті тексеріс жұмыстары жүргізілетінін ескертті. Ләйлә Сұлтанқызы да өз кезегінде "Халал Даму" мамандарына алғысын білдіріп, ұжым жұмысына сәттілік тіледі. "Unaidy" дәмханасына берілген сертификаттың мерзімі: 08.04.2021- 07.04.2022 жылдар аралығында. Дәмді де, халал ас мәзірін ұсынатын "Unaidy" дәмханасын Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхаммед Қонаев көшесі,2 мекен-жайынан таба аласыздар! ![WhatsApp Image 2021-04-12 at 14.21.44.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/607/403/439/607403439db9e329320199.jpeg) ![0531 Вкус ЖК.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/607/404/54e/60740454e103c780810708.jpg)

Бөлісу: