Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 ақпан 2021

64

Жаңалықтар

Өңірлерде халал тақырыбы насихатталды

**Халал – сапа мен адалдықтың таңбасы, халал – өмір сүру әдеті. Халал – имандылық пен ізгіліктің, құлшылықтың бастауы. Ел экономикасын дамытушы негізгі салалардың бірі. Осы секілді халалдың маңыздылығын түсіндіру мақсатында "Халал Дамудың" өңірлік жауапты өкілдері өз аймақтарында тұтынушылар мен жергілікті кәсіпкерлерге, мектеп оқушылары мен ұстаздарға арналған оқу-семинар шаралары мен ақпарат құралдарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.** "Халал Дамудың" Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбіл мектеп оқушылары мен мұғалімдері, жергілікті имамдар, мешіт жамағаты, кәсіпкерлерге оқу-семинар шараларын өткізіп, Алматы облысы әкімдігінде өңірдегі халал кәсіпорындар санын арттыру мәселесін көтерді. Павлодар облысы өкілдігіндегі Темірғалиев Серік, Какенов Қазбек өкілдер сертификат алуға ниет білдірген кәсіпорындарда арнайы семинар өткізсе, Қостанай облысы бойынша жауапты маман Балахмет Алишер жергілікті баспасөз құралдары арқылы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Халал ас тұтыну – әрбір мұсылман үшін маңызды. Сондықтан үгіт-насихат, ақпараттандыру жұмыстары әр өңірде жыл бойы тұрақты түрде жалғасатын болады. ![WhatsApp Image 2021-02-02 at 12.36.12.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/601/d0b/9d3/601d0b9d3bf24756178556.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-02-02 at 15.46.32.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/601/d0d/742/601d0d7427468103825652.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-02-02 at 11.41.13.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/601/d0d/812/601d0d812cf0d836970440.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-02-02 at 11.41.54.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/601/d0b/acc/601d0baccd8b5913413411.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-30 at 08.46.32 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/601/d0b/b79/601d0bb7983aa574955025.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-02-02 at 11.35.11.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/601/d0b/c60/601d0bc60d8d4170533783.jpeg)

Бөлісу: