«ОРДАБАСЫ-НАН» КӘСІПОРНЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Түркістан облысындағы «Ордабасы-нан» сауда белгісімен шығарылатын ұн өнімдері тексерілді. Айлық аудит шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен бас сарапшы-технолог Данияр Бақзейнелұлы, жергілікті өкіл Қазбек Сарыбаев орындады.
«Ұн өндірісі – ауыл шаруашылығының негізгі саласы. Тағам өндіру технологиясының дамыған шағында қарапайым ұнның өзіне небір қоспалар қосылып, алғашқы табиғи құрамы өзгеріске ұшырайды. Осы орайда бастапқы құндылығын жоғалтпаған, тұтынушыларға сапалы, халал ұн өнімдерін ұсыну маңызды. Бүгін, осындай кәсіпорындардың бірі «Ордабасы-нан» өндірісінде кезекті айлық тексеріс шаралары жүргізді. Кәсіпорынның халал стандарты талаптарын сақтай отырып, шариғатқа сай адал өнім өндіретініне тағы да куә болдық», – деген А.Асқарбекұлы «Ордабасы-нан» кәсіпорнындағы тексеріс оң нәтиже көрсеткендігін жеткізді.