Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 қазан 2023

109

Жаңалықтар

«ОРДАБАСЫ-ҚҰС» ФАБРИКАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Түркістан облысындағы «Ордабасы құс» фабрикасында бақылау шаралары жүргізілді. Ревизорлық жұмыстарды «Халал Дамудың» бас технологы Данияр Бақзейнелұлы орындады.

«Бүгінгі бақылау шаралары жүргізілген «Ордабасы құс» фабрикасы – күркетауық етін өндіруші еліміздегі бірегей кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын технология, ветеринария және биоқауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарға сай. Сонымен қатар, жоғары сапалы техникалық құрылғыларымен де жабдықталған. Тексеріс барысында құстарды баптап-өсіруде қолданылатын жем-азықтың тазалығы, қасапшылардың шариғат және стандарт талаптарына сай құсты қолмен бауыздауы, өндірістің халал талаптарына сәйкес өнім өндіруі қадағаланды» – деген маманымыз аудит қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін жеткізді.

Айта кетейік, «Ордабасы құс» фабрикасының «Дәмді» ет сауда белгісімен шығарылатын күркетауық еті өнімдері еліміздің барлық өңірлеріне тасымалданады.

Бөлісу: