ӨСКЕМЕН ҚҰС ФАБРИКАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
***Отандық нарықтағы құс өнімдерінің 24 % құрайтын Өскемен құс фабрикасы(AITAS) «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.** Сертификат табыстауға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Өскемен аймағының бас имамы Ермек Мұқатай, жергілікті инспектор-контролер Үмбет Досжан және Өскемен құс фабрикасының бас директоры Ришат Мырзағазыұлы қатысты. «Кус-Вкус» және «UKPF» сауда белгілерімен шығарылатын «Өскемен құс фабрикасының» 85 түрлі өнімі «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды. ️Құс фабрикасында «Халал Даму» мамандары тарапынан оқытылған, мұсылман қасапшылар жұмыс жасайды. Барлық құс тек қолмен бауыздалады. «AITAS» құс фабрикасына берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 1.10.2020-30.09.2021ж* ![WhatsApp Image 2020-10-04 at 18.19.02 (2).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/9c0/0b4/5f79c00b47826856438069.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-02 at 15.27.15.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/9c0/cfd/5f79c0cfdb0b0389525697.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-04 at 18.30.22.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/9c0/b3a/5f79c0b3ac963992278658.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-04 at 18.19.02 (4).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/9c0/1c2/5f79c01c2bbea226672663.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-02 at 13.50.07.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/9c0/f90/5f79c0f908999355747802.jpeg)