Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 маусым 2024

395

Жаңалықтар

ҚОСТАНАЙДА АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог Мейіржан Бауыржанұлы, жергілікті өкіл Алишер Балахмет Қостанай облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді.

Аудит барысында «Terra meat» және «Агро продукт» қасапханалары, «Poultry Agro» құс фабрикасы, «КОКО» жұмыртқа өндіруші кәсіпорны тексерілді. Сонымен қатар, сертификат алуға өтініш білдірген «Олжа Садчиковское» сүт фабрикасында алғашқы аудит шаралары орындалды. Және де облыстағы сертификатталған қоғамдық тамақтану орындары, фаст-фуд желілері, ет дүкендері, кондитерлік цехтардың жұмысы да қадағаланды.

«Кезекті тексеріс барысында кәсіпорындарда өнімнің өндірілуінен бастап, сақталуы, тасымалдануы, қызметкерлердің стандарт талаптарын сақтауы, санитарлық-тазалық мәселелері тексерілді. Тексеріс оң нәтижені көрсетіп, облыстағы кәсіпорындардың халал стандарт талаптарын толықтай орындайтыны анықталды», - дейді Айбек Асқарбекұлы.


Бөлісу: