Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 қараша 2020

53

Жаңалықтар

«Ozyurt» дәмханасында айлық тексеріс

**Елордадағы «Ozyurt» дәмханасында айлық тексеріс жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» технолог маманы Еркетаң Айдынқызы орындады.** Аудит барысында «Ozyurt» қоғамдық тамақтану орнының тағам дайындау барысында мамандар тарапынын бекітілген шикізат пен өнімдерді ғана қолдануы, өндіріс пен қызмет көрсетуде стандарт талаптарын бұзбауы назарға алынды. Санитарлық тазалық мәселесі де ескерілді. Тексеріс қорытындысы оң. «ҚМДБ халал» стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Естеріңізге сала кетейік, «Ozyurt» дәмханасының Нұр-Сұлтандағы 2 сауда нүктесі, Алматы қаласындағы 5 тамақтану орны «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталған. ![WhatsApp Image 2020-11-23 at 17.38.46 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fb/bb7/4da/5fbbb74da778b645952217.jpeg)

Бөлісу: