Павлодар: «Абай» қасапханасы тексерілді
«Халал Даму» мамандарының Павлодар облысына іс-сапары барысында өңірдегі кәсіпорындардың бірі – «Абай» қасапханасы тексерістен өткізілді. Ревизиялық бақылауды «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті мамандар жүргізді.
«Малдың адал жолмен бауыздалуына да ерекше көңіл бөлген жөн. Төрт-түлік мал шариғат жолымен сойылмайынша, еті адал және таза болмайды. Бүгінгі тексеріс барысында «Абай» қасапханасында мал бауыздау және ет өнімдерін өңдеу, сақтау және тасымалдауға қойылатын стандарт талаптарының орындалуы қадағаланды» – деген Айбек Асқарбекұлы тексеріс нәтижесі оң екендігі жеткізді.