ПАВЛОДАР: "BEST MILK" СҮТ ФАБРИКАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
"Халал Даму" мамандарының Павлодар облысындағы кәсіпорындарда жүргізілген аудит барысында "Best Milk" сүт фабрикасы тексерістен өткізілді. Бақылау-қадағалау шараларын "Халал Дамудың" бас сарапшы технологы Айжан Омарова жүргізді.
Павлодар облысындағы «Best Milk» сауда белгісімен шығарылатын айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік, балмұздақ, иогурт т.б сүт өнімдері "QMDB halal" стандарты бойынша сертификатталған болатын. "Халал Дамудың" бекіткен талаптары бойынша сертификатталған кәсіпорындарда ай сайын бақылау шаралары орындалып тұрады.
"Сүттен әртүрлі тағамдық өнімдер дайындалған кезде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Қазіргі кезде сүт консервілерін, ашытылған сүт өнімдерін өндіру кеңінен дамып келеді. Өндіріс технологиясының дамуы – қадағалау мен бақылаудың қатаңдығын талап етеді. Әрине, біз өнім қауіпсіздігіне жауапты орган емеспіз, алайда "QMDB halal" сертификаты бар кез-келген өнімнің шариғатқа сай, халал, таза, адам денсаулығына зиянсыз болғанын қалаймыз. Сертификатталған сондай кәсіпорындардың бірі – "Best Milk" сүт фабрикасы. Бүгінгі тексеріс нәтижесі бойынша, сүт фабрикасындағы техникалық құрал-жабдықтар, өндіріс технологиясы, дайын өнімдер барлығы дерлік бекітілген халал стандарт талаптарына сай. Өнімдері таза, сапалы, құнарлы. Тексеріс жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинар шаралары да өткізілді", – деген Айжан Қалмаханқызы Павлодар өңіріне жүргізілген сапардың сәтті болғанын жеткізді.
Павлодар қаласы, Северная промзона көшесі-455, мекен-жайында орналасқан "Best Milk" сүт өнімдерін қаладағы ірі сауда орталықтарынан таба аласыздар!