Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

07 қазан 2022

51

Жаңалықтар

Павлодар: «Best Mılk» сүт фабрикасы тексерілді

«Халал Даму» мамандарының Павлодар облысындағы аудит барысында «Best Milk» сүт фабрикасы тексерістен өткізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Жанар Мұратқызы мен жергілікті мамандар орындады. 

«Павлодар облысындағы «Best Milk»  сауда белгісімен шығарылатын айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік, балмұздақ, иогурт т.б сүт өнімдері «QMDB  Halal» стандарты бойынша сертификатталған болатын. Сүттен әртүрлі тағамдық өнімдер дайындалған кезде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Өндіріс технологиясының дамуы – қадағалау мен бақылаудың қатаңдығын талап етеді. Әрине, біз өнім қауіпсіздігіне жауапты орган емеспіз, алайда «QMDB Halal»  сертификаты бар кез-келген өнімнің шариғатқа сай халал, адам денсаулығына зиянсыз болғанын қалаймыз. Бүгінгі тексеріс нәтижесі бойынша, сүт фабрикасындағы техникалық құрал-жабдықтар, өндіріс технологиясы, дайын өнімдер барлығы дерлік бекітілген халал стандарт талаптарына сай. Өнімдері таза, сапалы, құнарлы. Тексеріс жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинар шаралары да өткізілді», – деген Жанар Мұратқызы аудит қорытындысы оң екендігін жеткізді.

Бөлісу: