Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 желтоқсан 2020

87

Жаңалықтар

Павлодар: Халал ет өнімдері дүкені ашылды

**Арнайы талаптар бойынша сараптамадан өткен Павлодар облысы, Ақсу қаласындағы «АқНиет» ет дүкеніне ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-нің сертификаты берілді.** Мұндай сертификатқа ие дүкен Ақсу қаласы бойынша алғаш рет ашылып отыр. Дүкеннің ашылу салтанатына Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы мен Ақсу ауданының бас имамы Әбдімүтәліп Жұмаділлаұлы арнайы қатысып, қасиетті дініміздің талаптарына сай халыққа қалтқысыз ақ-адал қызмет көрсетуіне тілек білдірді. «Малды шариғат талабына сай союдың қыр-сырын семинар-тренингтер бойынша меңгерген екі қасапшы дүкенге бекітіліп, олар малды өздері сойып, мүшелеп әкеліп өткізіп тұрады. Облыстағы мамандар және «Халал Даму» өкілдері дүкеннің қызметін тұрақты қадағалап отырады. Сонымен қатар бұл дүкенде ҚМДБ «Халал Даму»-дың сертификатын алған шұжық өнімдері және облысымыздағы «Қызылжар-Құс» фабрикасының өнімдері де сатылады. «Қызылжар-Құс» фабрикасы да «Халал Даму» сертификатына ие болған, сондықтан да «Ақ Ниет» дүкенінің сенімді серіктесі деп тануға әбден болады»,-дейді облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы. ![0e0e4bdb-2c95-40d9-bd0d-4b2ce38ca935.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fe/2d2/eb7/5fe2d2eb7574e425748491.jpg) ![08bb3a2e-1084-4579-bc4f-05db3ca76ced.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fe/2d2/f24/5fe2d2f24ab14079956064.jpg) ![46cab4a1-0635-4ffb-9a54-ae6d4e7fc782.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fe/2d2/ff6/5fe2d2ff6f1be333689288.jpg) ![0261e029-9fe4-49c3-86c2-ed977c516cd5.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fe/2d3/117/5fe2d3117e55f073526894.jpg)

Бөлісу: