Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 мамыр 2021

31

Жаңалықтар

МАМАНДАР ПАВЛОДАРДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ ТЕКСЕРДІ

"Халал Даму" мамандары Айжан Омарова мен Данияр Сафиевтің Павлодар облысындағы кезекті іссапары барысында "Тағам" асханалар желісі, "Дюсембаев" шұжық цехы, "Абай ет" ет өңдеу кешені тексерілді.

Ревизиялық бақылауда кәсіпорындар өндірісі мен қызметінің бекітілген халал стандарт талаптарына сай жүргізілуі қадағаланып, дайын өнімдері мен өндіріс шикізаттарына талдау жасалынды. Білікті мамандардың пайымдауынша, "Тағам", "Абай ет", "Дюсембаев" кәсіпорындары бекітілген шарттық талаптарға сәйкес қызмет етуде. Шариғат және халал стандарт талаптарына қайшы келетін сәйкессіздіктер мен кемшіліктер анықталмады. Өндірістік бақылау қорытындысы оң нәтижені көрсетті.


Бөлісу: