Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 ақпан 2021

212

Жаңалықтар

"Первомайские деликатесы" өнімдері сертификатталды.

![image-02-02-21-02-42.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/601/914/513/6019145133a20098011291.jpeg) **Алматы облысында орналасқан «Первомайские деликатесы» шұжық цехының - «Выгодно», «Народные колбасы», «Первомайские деликатесы», «Boszhan», сауда белгілерімен шығарылатын шұжықтары «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.**⠀ «Первомайские деликатесы » шұжық цехы «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптары» бойынша 200 өнім сертификатталд ы. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы және жергілікті инспектор-контролер Маратхан Чадаев орындады. Аудит кезінде «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Технолог мен инспектор-контролер мамандардың тыңғылықты жұмысы және лабораториялық тексеріс қорытындысынан кейін «Халал Дамудың» директоры Аташев Айбек Асқарбекұлы «Первомайские деликатесы» шұжық цехының директоры Бажанов Нұржанға «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. ⠀ «Первомайские деликатесы» шұжықтарына берілген «ҚМДБ халал» сертификаты 01.02.2021- 31.01.2022 мерзімі аралығында жарамды.

Бөлісу: