Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 маусым 2024

636

Жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ Қ.: «FORMSAN» ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Петропавл қаласындағы «Formsan» тағамдық қоспалары «QMDB Halal» стандартына сай сертификатталды. Сертификатты жергілікті өкіл Мақсат Аманжолов табыстады.

«Халал стандарты бойынша сертификатталуды аса қажет ететін тағам өндірісіндегі басты саланың бірі – тағамдық қоспалар.Тағамдық қоспалар –тағамдарды өндіру, өңдеу, дайындау, қаптау, тасымалдау және сақтау барысында өнімге қажетті дәм мен қалып, реңк, қоюлық немесе сұйықтық, сақталу мерзімін ұзарту секілді бірқатар технологиялық мақсатта қолданылады. «Formsan» тағамдық қоспалары лабораториялық зертханада тексеріліп, сертификаттау шараларының оң нәтижесінен кейін ғана «QMDB Halal» сертификаты табысталды», – дейді өкіліміз.

«Formsan» тағамдық қоспаларына берілген халал сертификаты 12.04.2024-11.04.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Петропавл қаласы, Ярослав Гашек көшесі, 26.

Бөлісу: