Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

26 шілде 2024

495

Жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Петропавл қаласындағы бірқатар кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификаты табысталды. Атап айтқанда, «Нургожин» және «Сайфуддин» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі ет дүкендері және «Plovjan» дәмханасы. «Халал Дамудың» жергілікті жауапты маманы Аманжолов Мақсат кәсіпорындарда тиісті аудит жұмыстарын жүргізіп, халал сертификатын табыстады.

Кәсіпорынды сертификатату барысында өндіріс орны, сақтау қоймалары, тасымалдау жүк көліктері, өндірістегі санитарлық тазалық, шикізаттардың халал талаптарына сәйкестігі, қызметкерлердің шариғат талаптарын сақтауы қадағаланды. Сонымен қатар, қолданыстағы тағамдық қоспалары зертханалық сынамадан өткізілді. Ұзақ мерзімді аудит жұмыстарының оң нәтижесінен кейін ғана сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді жауапты маманымыз.


Бөлісу: