Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 ақпан 2026

21

Жаңалықтар

«ПИР» ЖК ШҰЖЫҚ ЦЕХЫНДА ХАЛАЛ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Алматы қаласына жасаған іссапары аясында «ПИР» жеке кәсіпкерлігіне қарасты шұжық цехында жоспарлы тексеріс жұмыстары өтті. Аудит шараларына жергілікті бақылаушы Өміржан Тұрсынұлы да қатысты.

Тексеріс барысында шұжық өндірісінде қолданылатын шикізат пен тағамдық қоспалардың халал стандарттарына сәйкестігі, сондай-ақ өндірістік процестердің бекітілген талаптарға сай жүргізілуі жан-жақты қаралды.

– Халал өнімдерінің ішінде тұтынушылар арасында сұранысқа ие тағамдардың бірі – шұжық. Бұл салада түрлі рецептуралар мен заманауи технологиялар қолданылғанымен, негізгі талап өзгермейді. Яғни, шариғатқа сай рұқсат етілген, халал стандарттарға сәйкес шикізат пен қоспаларды пайдалану және өндірістік талаптарды қатаң сақтау қажет. Шұжық өндірісі күрделі болғандықтан, халал өнім ұсыну кәсіби мамандар мен дін қызметкерлерінің тұрақты бақылауын талап етеді, – деді Айбек Асқарбекұлы.

Тексеріс нәтижесінде бекітілген стандарт талаптарының бұзылу фактілері анықталған жоқ.

Бөлісу: