ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «LADUSHKI» КОНДИТЕРЛІК ЦЕХЫНДА АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шымкент қаласында орналасқан «Ladushki» кондитерлік цехында «Халал Даму» стандарт талаптарының сақталуын бақылау мақсатында жоспарлы аудит жұмыстары өткізілді. Аудит шараларын Шымкент қаласы бойынша жауапты технолог Аралбай Аружан жүргізді.
Тексеру барысында кондитерлік өнімдерді өндіруде қолданылатын шикізаттың «Халал Даму» талаптарына сәйкестігі, технологиялық процестердің дұрыс жүргізілуі, санитарлық-гигиеналық жағдай және өндірістік құжаттамалар жан-жақты қаралды.
Аудит қорытындысы бойынша қызметкерлерге «Халал Даму» талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған ескертулер бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
