«PROD COMPANY PRYAN» шұжықтары сертификатталды
Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «PROD COMPANY PRYAN» шұжық цехы «ҚМДБ халал» сертификатын жаңартты. Сертификатты «ҚМДБ»-ң іс басқарушысы Ербосын Бектұрсынұлы мен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. "Prod company Pyarn" кәсіпорнының өнімдері технолог мамандар тарапынан тексеріліп, тағамдық қоспалар мен дайын өнімдер лабораториялық сынақтан өткізілді. Шұжық цехының өнімдері «Ет замандары» & «Мясные времена», «Ет» сауда белгілерімен шығарылады. "Prod company Pyarn" кәсіпорнының 82 түрлі өнімі «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды.