"ҚАҒАНАТ" АСХАНАЛАР ЖЕЛІСІ СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ
**Еліміздегі ірі асхана желілерінің бірі – "Қағанат" қоғамдық тамақтану орны сертификат жаңартты.** "Халал Дамудың" бас сарапшы-технологы Айжан Омарова мен технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиевтың тыңғылықты тексерісінен кейін, "Қағанат" тамақтану орны "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылып, "QMDB halal" сертификаты табысталды. Еліміздің үш өңіріндегі (Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды) барлық нүктелерінде бақылау-қадағалу шаралары жүргізілді."Қағанат" асханалар желісінің "Нұр-Сұлтан", "Алматы", "Қарағанды" қалаларындағы барлығы 24 тамақтану нүктесі "Халал Даму" бекіткен стандарт талаптарына сай, халал екендігін хабарлаймыз! Асханаға берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 02.04.2021-01.04.2022 ![WhatsApp Image 2021-04-06 at 19.08.05.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/e78/3ae/606e783ae687f943616651.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-04-06 at 19.06.23 (2).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/e78/2b6/606e782b60b94061371135.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-04-06 at 19.06.23.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/e78/436/606e784361dde713353310.jpeg)