Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

07 маусым 2021

39

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: «6inch KARAGANDA 1» ФАСТ-ФУД ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Қарағанды шаһары тағы бір халал сертификатын иеленген мекемемен толықты. Бұл жолы «6inch Karaganda 1» ЖШС фаст-фуд өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.

Мекеме «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сай деп танылып, "Халал Дамудың" Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов толық тексерістен өткізіп, "ҚМДБ халал" сертификатын табыстады. Сертификаттаудан өткізу барысында дәмханада бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді. Аталмыш дәмхана өнімдері «ҚМДБ халал» стандартына сай, халал екенін хабарлаймыз!

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  баспасөз қызметі



Бөлісу: