
Қарағанды: «ADAL SAUDA Company» ет өнімдері сертификатталды
**ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы бақылауындағы «Аймаганбетова Л.М» ЖК, сауда белгісі «ADAL SAUDA Company» ет өнімдерінің сертификатын жаңартты.** Дүкеннің өнімдері толық тексерістен өткізілді. Аталмыш кәсіпорын 1:2016 “Мал бауыздау және ет өңдеу” және 1:2015 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты бойынша қадағалануда. Қазіргі уақытта үй шаруасында қажетті барлық азық-түліктерді үйден шықпай-ақ тапсырыс беріп алдыртуға болады. Ол үшін арнайы интернет дүкендері мен жеткізу орталықтары қызмет етеді. Сауда-саттықтың бұл үрдісі тұтынушыға да, тауарды ұсынушыға да қолайлы әрі заман талабына сай десек болады. Шаһарымызда мұндай дүкендердің саны артып келеді. Соның бірі «ADAL SAUDA» азық-түлік жеткізу дүкені. «ADAL SAUDA» ет өнімдерін үйде отырып-ақ тапсырыс беріп, алдырта аласыз!    ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі