Қарағанды: "Диар" фаст-фуд өнімі сертификатталды
***Қарағанды қаласындағы «Диар» фаст-фуд өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.** ️Жергілікті жауапты өкіл Абдрахманов Ысқақ «Диар» фаст-фуд өнімдерін өндіруші мекеме жұмысымен танысып, «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. «Номад» кәсіпорнына тиесілі «Диар» фаст-фуд өнімдері «Тамақтану қызметтері» және «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды. ️Өндіріс орнында міндетті аудит жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлерге оқу-семинар шаралары өткізілді. «Диар» фаст-фул өнімдеріне берілген «ҚМДБ халал» сертификаты 17.09.2020- 16.09.2021 мерзімі аралығында жарамды. Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі 15 мекен-жайынан халал әрі дәмді «Диар» фаст-фуд өнімдерін таба аласыздар!*