Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 наурыз 2021

80

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: «Happy Cake» кондитерлік өнімдері сертификатталды

**Қарағанды қаласында орналасқан кондитерлік өнімдер өндіруші «Cup & Cake» ЖК «Happy Cake» кәсіпорнына «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды. Кондитерлік өнімдер «Happy Cake» сауда белгісімен шығарылады.** «Халал Даму» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдархманов кәсіпорнының өндіріс аймағында болып, бақылау-қадағалау шараларын орындады. Өндіріс аймағы санитарлық тазалық талаптарына толықтай сай, «ҚМДБ халал» стандартын бұзу жағдайлары анықталмады. «Happy Cake» кәсіпорны «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылып, «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Бөлісу: