Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 ақпан 2021

85

Жаңалықтар

Қарағанды: "Маки-маки" фаст-фуд өнімдері сертификатталды

**Қарағанды шаһары тағы бір халал сертификатын иеленген мекемемен толықты. Еліміздің бірқатар өңірлеріне кеңінен танылған "Маки-маки" фаст-фуд өнімдерінің Қарағандыдағы сауда нүктесі де "ҚМДБ халал" стандарты бойынша сертификатталды.** Мекеме «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сай деп танылып, "Халал Дамудың" Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов толық тексерістен өткізіп, "ҚМДБ халал" сертификатын табыстады. Сертификаттаудан өткізу барысында «Maki-maki» дәмханасында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді. «Маки-Маки» фаст-фуд өнімдері «ҚМДБ халал» стандартына сай, халал екенін хабарлаймыз! Айта кетейік, «Маки-Маки» фаст-фуд өнімдерінің Hұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Тараз, Қаскелен, Талғар қалаларындағы нүктелері де арнайы ҚМДБ-ның халал сертификатын иеленген болатын. ![WhatsApp Image 2021-02-21 at 16.32.23 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/603/236/fb1/603236fb13732816572645.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-02-21 at 16.32.24.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/603/236/fe0/603236fe0c683262721728.jpeg) ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі ihsan.kz

Бөлісу: