Қарағанды: "Parapa pizza" дәмханасы сертификатталды
Қарағанды қаласындағы "Parapa pizza" фаст-фуд дәмханасы "QMDB Halal" сертификатына ие болды. "Халал Даму" мамандарының қатысуымен дәмхана аумағында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, "Қоғамдық тамақтандыру қызметтері" стандартына сай екендігі анықталды.
"Ревизорлық бақылау барысында шикізаттары мен тағамдық қоспалары, санитарлық тазалығы, аспаздар мен қызметкерлердің халал тәртіптерін орындауы назарға алынды. Халал өнім өндіру технологиясы мен ерекшеліктері, шариғат талаптары турасында толыққанды түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - дейді технолог Айзат Ермекқызы.
"Parapa Pizza" дәмханасыгың мекен-жайы: Қарағанды қ., Космонавтов көшесі, 1В, ТГ "Таир" фуд-корд 2 және 4 этаж.