Қарағанды қ.: «Asyl Dami» дәмханасы сертификатталды
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Қарағанды қаласындағы «Asyl Dami» дәмханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Аталған дәмхана өнімдері мен қызметі қоғамдық тамақтандыру орындарына қойылатын халал стандарты талаптарына сай сертификатталды.
«Өңіріміздегі халал дәмханалар саны күн санап артуда. Қазіргі таңда бақылауымызда 14 тамақтану орындары бар. Барлық дәмханаларда ай сайын тұрақты түрде аудит шаралары жүргізіліп тұрады. Бүгін сертификаттаудан өткен «Asyl Dami» дәмханасының да ас әзірлеуде қолданатын барлық өнімдері мен өндіріс аймағы тексерілді. Халал стандарты талаптары толық орындалғаннан кейін ғана, сертификат табыстап отырмыз. «Asyl Dami» дәмханасының ұсынар асы адал, жұмыстары берекелі болғай», – дейді жергілікті өкіл Ысқақ Абдрахманов.
«Dami» дәмханасының мекен жайы: Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 10/14.