Қарағанды: "Ұлытау" ет дүкені сертификатталды
**«Ұлытау-Ұлтымыздың алтын бесігі, тағылымды тарихымыздың куәсі»,- деп бекер айтылмаса керек. Еліміздің қай өңірін алып қарасаң да, жері шұрайлы, жайлауы төрт түлікке толы. Содан болар, қазақтың әр өңірінің шаруашылығы мен ет өнімдері бірінен бірі кем қалмаған. Соның бірі Ұлытау аймағы.** Бүгін ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы «Алишер Макашев» ЖК, сауда белгісі:«Ұлытау» ет дүкенін сертификаттады. Дүкеннің өнімдері толық тексерістен өткізілді. Аталмыш кәсіпорын 1:2016 “Мал бауыздау және ет өңдеу” және 1:2015 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты бойынша қадағалануда. ![big_72abe3583524d74e.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/b5e/b68/604b5eb68a700473107656.jpg) ![big_09f0fb28d0da9431.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/b5e/c52/604b5ec5284ec701509472.jpg) ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі