ҚАРАҒАНДЫ: "ВКУСНЕЙШИЙ" ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
**Қарағанды шахарында кезекті мекеме «Халал Даму» ЖШС-нің арнайы сертификатын иеленді. Бұл жолы Нұрмағанбетов кәсіпорнына тиесілі «Вкуснейший» дәмханасы «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификаттады.** Арнайы тексеріс жұмыстарын ҚМДБ-ның өңірлік жауапты өкіл Ысқақ Абдрахманов жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханада тексерілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді. ![big_8d5ac5f564f5f809.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/458/adc/606458adc5aa0922354273.jpg) ![big_9d5cb194c7a98651.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/458/b9c/606458b9ccf72346271198.jpg)