Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

26 наурыз 2021

59

Жаңалықтар

Қарасай ауданы: «Адал еңбек ердің досы, Бақ іздеудің жолы осы» семинар

**«Халал дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жәнәбіл және Қарасай ауданына жауапты инспектор-тексеруші Төкен Дәурен Қарасай ауданының имамдарымен кездесу өткізді.** Сөз басында « Халал даму» және ҚМДБ – ның қазіргі таңдағы еліміздегі атқарып жатқан ауқымды іс – шараларымен таныстырды. Семинар барысында стандарттау және сертификаттауға қойылатын талаптар мен ерекшеліктер, халал өндіріс технологиясы, тағамдық қоспалар, бақылау-қадағалау шаралары туралы егіжей-тегіжейлі баяндап берді. “Халал ас тұтыну – әрбір мұсылман үшін маңызды.Жалпы тұтынушыларға шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызын,талабын түсіндіру сіз бен біздің міндетіміз. Сол себепті, халал жөнінде барлығымыздың терең біліміміз бен түсінігіміздің болуы шарт”, – деген Жанәбіл Жұмабеков имамдар тарапынан келген бір қатар сұрақтарға жауап беріп, мәселелердің шешімін табу жолдарын түсіндірді. Естеріңізге сала кетейік, жыл бойы еліміздің барлық өңірлерінде халал тақырыбындағы онлайн және офлайн дәрістер үздіксіз өткізіліп тұрады. ![WhatsApp Image 2021-03-26 at 12.06.51.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/605/d7c/d13/605d7cd13d20a254407348.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-26 at 12.06.50.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/605/d7c/db8/605d7cdb82f2a741966783.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-26 at 12.06.52.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/605/d7c/ec0/605d7cec04970031208025.jpeg) Алматы өңірінің баспасөз қызметі.

Бөлісу: