Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

10 ақпан 2021

57

Жаңалықтар

"Шашлычная на Талгарке" дәмханасы сертификатталды

**«Қазақтың Буракы» немесе ерекше әдіспен шашлык дайындайтын «Шашлычная на талгарке» дәмханасы «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.** Көпшілікті шашлык дайындаудың қызықты да қиын әдісімен таңқалдырып, дәмді тағамымен тұтынушылар көңілін тапқан бұл дәмхана – "Шашлычная на Талгарке". Алматы қаласында орналасқан дәмхана «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау,тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталып, «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Чадаев Маратхан «Исо» кәсіпорнына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. Тағам дайындаудың айрықша әдісі мен эстетикасын көргіңіз келсе Алматы қаласы, Халиуллина көшесі, 162 үй мекен-жайына келіңіз. Кәсіпорынға берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 03.02.2021-02.02.2022 ![6020cf80bd107956258674.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/602/3d3/c18/6023d3c18b6d2446007668.jpg) ![WhatsApp Image 2021-02-09 at 14.27.07.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/602/3d3/782/6023d37822c64223761631.jpeg)

Бөлісу: